Жердің тынысы тарылып барады: көмірқышқыл газы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

/
Жердің тынысы тарылып барады: көмірқышқыл газы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті
сурет: istockphoto.com

Жапонияның Метеорология басқармасы мен NHK телеарнасының мәліметінше, 2024 жылы Жер атмосферасындағы үш негізгі парниктік газдың орташа мөлшері тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есепті талдау Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымы (БМО) үшін жүргізілген. Нәтижесінде, атмосферадағы көмірқышқыл газының (CO₂) орташа концентрациясы 2024 жылы 423,9 ppm (миллионнан бөлік) деңгейіне дейін көтерілген. Метан (CH₄) мөлшері 1942 ppb (миллиардтан бөлік), ал азот тотығы (N₂O) 338 ppb-ге жетті.

Бұл көрсеткіштердің барлығы 1984 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бақылаулар тарихындағы ең жоғары мән болып отыр. Әсіресе CO₂ деңгейі бір жылда 3,5 ppm-ге артқан – бұл соңғы он жылдағы орташа өсімнен едәуір жоғары.

БМО сарапшылары мұндай күрт өсуге орман өрттерінен шыққан үлкен көлемдегі шығарындылар мен құрлық пен мұхиттың көмірқышқылды сіңіру қабілетінің төмендеуі әсер еткенін атап өтеді. 2024 жыл табиғи Эль-Ниньо құбылысының салдарынан бақылау тарихындағы ең жылы жыл болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары