World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Рейтингіге сәйкес, Ерлер және әйелдер арасындағы барлығы 20 салмақ дәрежесінің ішінде 18 салмақта Қазақстан боксшыларының есімі енген. Олардың қатарында 7 отандасымыз көш бастады.
Қазақстан боксшыларының әлемдік рейтингі төмендегідей:
Ерлер:
50 келі – Санжар Тәшкенбай (1-орын);
55 келі – Махмұд Сабырхан (1-орын);
65 келі – Ертуған Зейнуллинов (7-орын);
70 келі – Төрехан Сабырхан (1-орын);
75 келі – Сабыржан Аққалықов (9-орын);
80 келі – Нұрбек Оралбай (2-орын);
85 келі – Дәулет Төлемісов және Бекзат Нұрдәулетов (9-орын);
90 келі – Сағындық Тоғамбай (7-орын);
+90 келі – Айбек оралбай (1-орын).
Әйелдер:
48 келі – Назым Қызайбай (1-орын);
51 келі – Алуа Балқыбекова (2-орын) және Жәзира Орақбаева (11-орын);
57 келі – Карина Ибрагимова (10-орын), Ұлжан Сәрсенбек және Айдана Забынбекова (15-орын);
60 келі – Виктория Графеева (3-орын);
65 келі – Аида Әбікеева (1-орын);
70 келі –Наталья Богданова (1-орын);
75 келі – Надежда Рябец (12-орын);
80 келі – Гүлсая Ержан (6-орын);
+80 келі – Елдана Тәліпова (3-орын).