Кипрде футбол клубының президенті оққа ұшты

/
Кипрде футбол клубының президенті оққа ұшты

Кипрдің «Кармиотисса» футбол клубының президенті Ставрос Димостенус Лимасол тасжолында кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, қылмыскер мотоциклмен келе жатып, Димостенустың көлігіне оқ атқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жолдың үлкен бөлігін жапты.

Полиция өкілдері бұл қасақана жасалған кісі өлтіру екенін растады, қазір күдіктіні іздеу жалғасуда. Тергеушілер бейнебақылау жазбалары мен куәгерлердің сөздері арқылы шабуылдың қалай болғанын анықтап жатыр.

49 жастағы Димостенус 2023 жылдан бері «Кармиотисса» клубын басқарған. Өткен маусымның қорытындысы бойынша команда жоғарғы лигада қалу мүмкіндігін жоғалтып, ел чемпионатының екінші дивизионына түсіп қалған еді. 2023 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін команданы ресейлік бапкер Александр Кержаков жаттықтырған, бірақ ол клуб басшылығымен келіспеушіліктен кейін қызметінен кеткен.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары