«Қоян аулауға барған»: Жамбыл облысында жасөспірім оққа ұшып, көз жұмды

/
«Қоян аулауға барған»: Жамбыл облысында жасөспірім оққа ұшып, көз жұмды
istockphoto.com

Жамбыл облысында аң аулауға шыққан екі жасөспірімнің бірі оққа ұщып, қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Halyqstan» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2012 жылы туған екі бала (сыныптастар) түнгі аңшылыққа шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдер қоян аулауға шыққан. Балалардың бірі қоянға оқ атып, олжасына қарай жүгіріп кеткен.  Алайда жараланған қоян тірі болып, қашып кетуге тырысқан. Сол сәтте екінші бала жануарды тоқтатпақ болып атқан оқ байқамай қасындағы досына тиіп кеткен.

Жамбыл облыстық полиция департаменті немқұрайлықтан адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазір істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына қатысты да олардың балаларды тәрбиелеу және бақылау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты жауапкершілік мәселесі қарастырылуда. Соның салдарынан жасөспірімдер атыс қаруына қол жеткізіп, түнгі уақытта қараусыз қалған».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары