Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында кәмелетке толмаған баланы зорлау және кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушы У.-ны кезіктірген.
Сотталушы У. алкогольдік масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған.
Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған.
Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді.
Сот үкімімен У. тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.