Сирияда автобус жарылысы салдарынан төрт сириялық әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясының шығыс бөлігінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғының іске қосылуы нәтижесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, тағы тоғыз сарбаз жарақат алған. Қаза болғандар осы провинциядағы Энергетика министрлігіне қарасты мұнай кәсіпорнын күзеткені белгілі болды.