Дастан Сәтпаев әлемнің ең талантты футболшыларының тізіміне енді

/
Дастан Сәтпаев әлемнің ең талантты футболшыларының тізіміне енді
Қазақстан футбол федерациясы

«Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев беделді The Guardian басылымының назарына ілікті. Журналистердің бағалауынша, қазақстандық футболшы әлемнің ең үздік 60 жас талантының қатарына енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ағылшын басылымы әлем футболының ең үздік жас ойыншыларының тізімін жариялап, онда «Пари Сен-Жермен», «Барселона», «Бавария» және алматылық «Қайрат» футболшыларына да орын берген.

Айта кетейік, тізімге 2008 жылы туған футболшылар енгізілген.

Басылым тізімді қандай нақты критерийлерге сүйеніп жасағанын нақтылаған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары