Футболдан ұлттық құраманың қақпашысы Қуат Хамитовті көкпарға шақырды

/
Футболдан ұлттық құраманың қақпашысы Қуат Хамитовті көкпарға шақырды

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен ММА спортшысы Қуат Хамитовті көкпарға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

«Мен футболшымын, ол – ММА файтері. Мен онікімен, ол менікімен күш сынасақ, тең болып қалатыны түсінікті. Ол біздің қазақ ағамыз. Ал қазақта ұлттық спорт бар. Ол – көкпар. Ағамды бірге-бір көкпарға шақырам», – деді қақпашы.

Осыған дейін Сейсен басқа қақпашыларға көлік сыйлап жатқанын, ал өзіне ат берсе де жететінін айтқан еді:

«Қазір қақпашылардың барлығына көлік беріп жатыр ғой. Енді маған жылқы мінгізсе», - деді ол матчтан кейінгі сұхбатында. 

Ел құрамасы 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл кездесуде қақпашы қарсылас құрама тарапынан жасалған көп соққыға тойтарыс бере білді. Бұл ойында Мұхаммеджан Сейсен бірнеше қауіпті соққыны қайтарған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары