Ақтауда қолына пышақ ұстаған тұрғын бөтен пәтерге баса-көктеп кірмек болған (ВИДЕО)

/
Ақтауда қолына пышақ ұстаған тұрғын бөтен пәтерге баса-көктеп кірмек болған (ВИДЕО)

Кешкі уақытта 8-шағын аудандағы үйлердің біріндегі пәтер тұрғындары терезе жанында бір ер адамды байқап қалған. Айтуларынша, ол пышақ ұстап, бөтен үйге кіруге тырысқан., деп хабарлайды turkystan.kz.

13 қазан күні ер адам №22 үйдің үшінші қабатына өрмелеп шыққан. Оған сыртқа орнатылған кондиционер жүйесінің блоктары сүйеніш болған. Қырағы тұрғындардың арқасында келеңсіз жағдай болған жоқ.

«Иттер үрген соң сырқта қарап едік. Сонда оны байқап қалдық. Не істемек болғаны белгісіз. Полициядан шара қолдануды сұраймыз», – деді оқиғаның куәгерлері.

Тұрғындар күдікті азаматты видеоға түсіріп алған, сондай-ақ оның бұл үйде тұрмайтынын атап өткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 1991 жылы туған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылған. Бұл бап бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе бес тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Медициналық сараптама құқық бұзушы мас күйінде болғанын анықтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары