Қырғызстанда жер сілкінді

/
Қырғызстанда жер сілкінді
istockphoto.com

Қазақстан сейсмологтары көршілес Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының ұлттық деректер орталығы 2025 жылдың 14 қазанында, Астана уақытымен 12:17-де жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 4, энергетикалық класы – 9,3.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Таш-Дөбө ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым, Қара-Мойнок ауылынан солтүстік-батысқа қарай 34 шақырым, Бішкек қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Қара-Мойнок, Таш-Дөбө және Дон-Алыш ауылдарында – 2,5 баллды құрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары