Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

/
Михаил Кукушкин Алматыда өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

Михаил Кукушкин ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің финалында австралиялық Джеймс Даквортқа 4:6, 6:4, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

«Әрине, жеңілу - өте ауыр сезім. Көрермендеріңнің қолдауы барда бар күшіңді салғың келеді, бірақ кейде нәтиже басқа болады. Үйде ойнау әрқашан ерекше жауапкершілік, сондықтан осындай жеңіліс мен үшін өте ауыр болды» - деді Кукушкин.

11-19 қазан аралығында Алматы Аренада жүлде қоры миллион доллардан асатын ATP 250 Almaty Open турнирі өтіп жатыр.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары