Нұрлан Албан қызының туған күнінде тортқа жағылған шырақты өшіртпей қойды

/
Нұрлан Албан қызының туған күнінде тортқа жағылған шырақты өшіртпей қойды

Әнші Нұрлан Албан "Каколeгім" деп еркелететін жалғыз қызын туған күнімен құттықтады. Әкесі баласына шырақ қойылған торт тарту еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда әнші қызына торттың бетіне қойылған шырақты өшіруге тиым салған.

"Қадірлі ағайын! Алланың маған берген екі ұлы және бір тал ғана қызыл гүлім - қызым бар. Бүгін қызымның туған күні. Денің сау болсын, қызым. Мынаны (торттың бетіне қойылған шырақтарды меңзеп) өшірмей-ақ қояйық. Қазақта "Шығарғың сөнбесін!" деген жақсы сөз бар. Сондықтан мұны үрлемей-ақ қояйық. Шырағың сөнбесін! Бұл - сен жақсы көретін торт. Ең бастысы, балапаным, денің сау болсын. Екі ағаңның жанында сен әрқашан еркелеуге толық құқылысың. Құдай берген екі ағаң бар кезде сен толығымен еркелеп жүруге тиіссің. Тіл-көзден аман болыңдар. Аппағым, сен - елдің абырайысың, сен - менің абыройымсың, сен - менің әулетімнің абыройсың. сондықтан да абыройлы бол. сен ақылдысыңғ білімін бар.  сабағың, әке-шешеге деген құрметің жақсы. Сен - менің жекеменшік қызымсың! есің мәңгілік сақтап ал.  мен сендерді жанымнан артық жақсы көремін!", -  деді әнші қызын туған күнімен құттықтай отырып.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары