Маңғыстаулық спортшылар пауэрлифтингтен Азия чемпионатында топ жарды

/
Маңғыстаулық спортшылар пауэрлифтингтен Азия чемпионатында топ жарды
instagram/shvsm_aktau

Гонконг қаласында 8-12 қазан аралығы Азияның жабдықталған және классикалық жатып сығымдау чемпионаты өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Чемпионатқа Азия елдерінің ең мықты спортшылары қатысып, кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасында, ерлер мен әйелдер санатында бақ сынады. Сонымен қатар, жарыс аясында Арнайы Олимпиада классикалық жатып сығымдау чемпионаты да өтті.

Бұл халықаралық додада Маңғыстау облысының спортшылары еліміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.

  • Шоханов Асқар – 93 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды!
  • Елжанов Шыңғыс – 66 келіге дейінгі салмақта 2-орын иеленді.
  • Бермұхамбетова Жадыра – 84 келіге дейінгі салмақта жабдықталған сайыста 1-орын, ал классикалық түрінен 2-орын алды.
  • Орынбасаров Әділхан – 59 келіге дейінгі салмақта 1-орынды жеңіп алды.
  • Сарсенғалиев Ырысбек – 83 келіге дейінгі салмақта 2-орын иегері атанды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары