Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

/
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
ҰОК

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында су добы сайысы өз мәресіне жетті. Қазақстан ерлер құрамасы турнирдің жүлдегері атанды.

Қазақстан ерлер құрамасы Жапониямен қола жүлдені сарапқа салды. Шешуші кездесу отандастарымыздың жеңісімен аяқталды. Қазақстан 16:14 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Таиланд құрамасын жеңген әйелдер құрамасы да қола жүлдеге ие болған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары