«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бүгін түнде дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша медициналық қаралу үшін Доха қаласына жол тартады.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Футболшының жарақатына байланысты жағдайы мен қалпына келу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.
Клуб ойыншының тез сауығып, алаңға қайта оралуына тілектестік білдірді.