Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

/
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Данилина мен Крунич дуэті канадалық Бьянка Андрееску мен қытайлық Юэ Юаньды 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Финалға шығу үшін олар германиялық және венгриялық теннисшілер — Лаура Зигемунд пен Фанни Штоллармен кездеседі.

Уханьдағы турнир 6–12 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3,65 миллион доллар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары