Еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда 11 қазанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 11 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 11 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта 11 қазанда түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады деп болжанады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 11 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 11 қазанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 11 қазанда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 11 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 11 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Бұған дейін Қазгидромет" РМК синоптиктері 11–13 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, солтүстік өңірде қыстың алғашқы белгілері біліне бастайды.