Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ірі есеппен жеңді

/
Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ірі есеппен жеңді

«Астана Арена» стадионында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы матч өтті.  Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші тайм нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. 26-шы минутта Ғалымжан Кенжебек көзге түссе, 28-ші минутта Бақтиер Зайнутдинов гол соқты. Шабуылшы Ғалымжан Кенжебек ойынның 59-шы  минутында тағы да көзге түсіп, гол соқты. Ал одан кейін қорғаушы таблодағы есепті 4:0-ге жеткізді.

Еске сала кетейік, осы матчқа дейін Қазақстан құрамасының қоржынында үш ұпай бар еді, ал Лихтенштейн құрамасы бірде-бір ұпай жинамаған. Қазақстандық футболшылар аталған іріктеу кезеңіндегі жалғыз жеңісіне дәл осы Лихтенштейн командасына қарсы сырт алаңдағы (2:0 есебімен) ойында жеткен болатын.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары