Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 4 медаль алды

/
Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 4 медаль алды
Пара пауэрлифтинг федерациясы

Каирде пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пара пауэрлифтинг федерациясының мәліметінше, Египеттің Каир қаласында пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Үш тәсілдің ұпай сандарының қорытындысы бойынша Фархат Мутунов 49 кг және Снежанна Бойко 41 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпиондары атанды.54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қуаныш Рахатұлы күміс, ал 59 кг салмақ дәрежесінде Вазир Надыров қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, аталмыш додаға 27 елден 120 пара спортшы қатысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары