Франция пошта қызметі круассан иісі шығып тұратын марка шығарды

/
Франция пошта қызметі круассан иісі шығып тұратын марка шығарды
сурет: istockphoto.com

Франция өзінің ұлттық нышандарының бірі – круассанға арналған ерекше пошта маркасын шығарды. La Posteұлттық пошта қызметі хабарлағандай, жаңа маркадан сары май мен жаңа ғана пештен шыққан қамырдың иісі шығып тұрады, деп хабарлайды turkystan.kz france24.com-ға сілтеме жасап.

Жалпы саны 600 мың дана марка француз гастрономиясының басты символына арналып басылып шыққан. Круассан иісі бар маркалар сәрсенбі күні ел бойынша сатылымға түсті.

Валанс қаласындағы пошта бөлімшесінің директоры Энтони Рише AFP-ге берген сұхбатында:

«Кешеден бері біз 400-ден астам марка саттық, тіпті Лионнан арнайы келген коллекционерлер де болды. Францияның беделін әлемге паш ететін символ ретінде біз бұған ерекше мақтанамыз», – деді ол.

Марканың бағасы – 2,10 еуро, бұл елдегі бір круассанның орташа бағасынан шамамен бір еуроға қымбат. Ол халықаралық хаттар үшін жарамды және естелік үлгісімен де сатылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары