Жұма күніне байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 10-11 қазанда түнде 4-6 градус үсік күтіледі.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 10-11 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 10-11 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 10 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 10 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 10 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.