Жанәбіловтердің ісіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалады

/
Жанәбіловтердің ісіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалады
Ғаламтор

Астана қаласының апелляциялық соты Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмасыну. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», — деп шешімді судья Жанна Нұрғалиева оқыды.

Айта кетейік, 18–21 тамыз аралығында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова автокөлік ұтыс ойынын жариялаған болатын. Пайдаланушылар тікелей эфир күтсе, оларға 30 мың теңге төлеп қатысуға болатын ақылы оқу курсына сілтеме жіберілген. Ұтысқа қатысу тек курс сатып алғаннан кейін ғана мүмкін болған. Осыдан кейін мемлекеттік органдарға шағым түскен.

Туризм және спорт министрлігі лотереяны өткізуге және билеттерді таратуға тек ресми ұйымдастырушылар мен агенттер ғана құқылы екенін еске салды.

2025 жылғы 15 қыркүйекте Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбіловке қатысты материалдар Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Сот олардың әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтады.

Сот отырысынан кейін блогерлердің адвокаты Олег Чернов қабылданған шешімге шағым түсіретінін мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары