Сатыдан құлап кеткен Мақпал Жүнісованың жағдайы белгілі болды

/
Сатыдан құлап кеткен Мақпал Жүнісованың жағдайы белгілі болды

Әнші Мақпал Жүнісова аяқ асты жарақат алып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жйында өнер иесі әлеуметтік желіде өзі айтты. 

"Нұртас замандас,  60 жасыңыз құтты болсын! Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз. Ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын. "Шапаныңыз" Гүлекеңнің каспиінде. Мен аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым. Құдай сақтап, қол аман қалғанымен тырнақ түбінен сынды", - деп жазды әнші.

Мұны естіген желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін арнап, тезірек жазылып кетуіне тілекші екендіктерін жеткізді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары