Германия билігі полицияға ұшқышсыз ұшу аппараттарын атып түсіру құқығын береді. Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сәрсенбі күні Министрлер кабинеті мақұлдаған және парламенттің мақұлдауын күтіп тұрған жаңа заң Германияның әуе кеңістігін бұзған дрондарды, соның ішінде аса қауіп не айтарлықтай зиян төнген жағдайларда, полиция қызметкерлеріне атып түсіруге мүмкіндік береді.
Бұл заң өткен аптада Германиядағы Мюнхен әуежайында дрондардың анықталуына байланысты ондаған рейс қайта бағытталып немесе тоқтатылғаннан кейін қабылданды.
Қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Мюнхен әуежайы әуе айлағы үстінде белгісіз дрондар байқалғандықтан уақытша жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде ондаған жоспарланған рейс кері қайтарылды не жойылды. Кейін полиция ұшып-қону жолағының солтүстік шетіне дрондарға дейінгі қашықтықты өлшеу үшін лазер мен радар орнатты.