Жүздеген адам билеті бола тұра «Қайрат – Реал Мадрид» матчына кіре алмай қалған

/
Жүздеген адам билеті бола тұра «Қайрат – Реал Мадрид» матчына кіре алмай қалған
Ғаламтор

Стадион алдында адам көп жиналғандықтан билеті бар 207 адам «Қайрат – Реал Мадрид» матчына кіре алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай деректі Ticketon сервисіне сілтеме жасап, Алматы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы айтты.

Аталған факті бойынша Спорт басқармасы Полиция департаментімен бірлесіп тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір тергеу жүргізілуде.

75 адамға билет ақшасы қайтарылған. Қалғандары ақшасын қайтару үшін операторға өтінім беруі керек.

«Алыпсатарлардан сатып алынған билеттердің ақшасын Ticketon қайтармайды», – деді Дархан Нұрханұлы.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте өткен «Қайрат – Реал Мадрид» матчына 20 мыңнан астам көрермен жиналған. Алайда ойын өткеннен кейін әлеуметтік желіде билеті бола тұра, стадионға кіре алмай қалған адамдардан шағым айтыла бастаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары