Елордалық спортшы Әзербайжандағы жарыста қола жүлдегер атанды

/
Елордалық спортшы Әзербайжандағы жарыста қола жүлдегер атанды
gov.kz

Әзербайжанның бірнеше қаласында өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлдегерлері анықталды. Айтулы додада Астана қаласының спортшысы Рысбек Айғаным көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ресей Федерациясының спортшысы Софья Ильтерякова, ал күміс медальді әзербайжандық Азада Атакишиева иеленді. Үздік үштікті Қазақстан намысын қорғаған елордалық Айғаным Рысбек түйіндеді.

Спортшының жеке бапкері – Меруерт Балғынбаева, хореографы – Сая Айдыс.

Сонымен қатар, бүгін елордалық гимнастар финалда өз бақтарын сынайтын болады:

Доп, ұршық және таспа жаттығуларында Айғаным Рысбек, құрсау жаттығуында Линара Жайлауова өнер көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары