Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

8 қазан күні Астана қаласы мен еліміздің 13 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ақпаратты "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 8 қазанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтауда 8 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 8 қазанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі.

8-9 қазанда Жетісу облысында түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Талдықорғанда 8-9 қазанда түнде сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Алматы облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары