Бүгін «Астана» телеарнасында «Сүйген жүрек» атты жаңа түрік телехикаясы көрермен назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сериалдағы басты кейіпкер жалғызбасты ана – Лейла Германиядан Түркияға оралуға мәжбүр болып, өмірін қайта бастауға тырысады. Тағдыр оны дәулетті кәсіпкер Хашметпен жолықтырады. Алайда, ол адам ойлағанындай емес, қылмыс әлемінің серкесі болып шығады.
Лейла қауіптен қашып жүріп, Альпер есімді жігітпен танысады. Екеуінің кездесуі — өткенмен күрестің және нағыз махаббаттың басталуына жол ашады.
Тосынсыйға, тартысқа толы «Сүйген жүрек» телехикаясын 7 қазаннан бастап күн сайын сағат 20:00-де «Астана» арнасынан тамашалаңыздар!