Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы балалар алаңында түсірілген видео тарады. Онда 12 жастағы бала әткеншектің қаңқасы құлап, иық сүйегі сынған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Kozachkov_offside телеграм арнасының хабарлауынша, зардап шеккен баланың анасы оқиғадан кейін оған мемлекеттік органдардан хабарласып, “шу көтермеуді” сұрағанын және баланың ем-домына көмектесуге уәде бергенін айтты. Алайда, уәде орындалмаған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.