«Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Чемпионшипта көш бастап тұрған ағылшын командасы қызығып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Белілі болғандай, ағылшынның «Ковентри Сити» командасы алматылық клубтың тәрбиеленушісіне көзі түсіп отыр. Әйгілі Фрэнк Лэмпард баптайтын команданың скауттары Азаматқа португалиялық «Спортингтен» (2:3) кейін назарына алған. УЕФА Жасасөпірімдер лигасы аясында өткен ол ойында жас футболшы «Қайрат» жастар сапында ойнап, екі гол салған болатын.
Сонымен қатар, ол өткен аптада ҚПЛ-да «Қайраттың» негізгі командасында ойнап, «Жетісу» (5:0) қақпасына бесінші голды тоғытты.