Қолында пышақ болған: Алматыдағы жол үстінде төбелескендер іздестірілуде

/
Қолында пышақ болған: Алматыдағы жол үстінде төбелескендер іздестірілуде

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы қарбалас жолдың дәл ортасында болған төбелестің видеосы пайда болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хабарламаларға сай, оқиға Барахолка аумағында болған. Бір сәтте жанжалға қатысқандардың бірі қолына пышақ алған.

Liter.kz редакциясына Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

«Қақтығысқа қатысушылардың тұлғалары анықталды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Әрқайсысының әрекеті жан-жақты тексеріледі және тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар полиция кез келген жанжал жағдайлары тек құқықтық өрісте шешілуі тиіс екенін еске салады. Агрессия мен зорлық-зомбылық — дауларды шешудің жолы емес әрі қылмыстық жауаптылыққа әкеледі», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары