Әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанда фильмге түседі

/
Әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанда фильмге түседі
instagram

Қазақстандық медиакомпания танымал актер Джеки Чанның Алматыға сапарының егжей-тегжейін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Медиакомпанияның мәліметінше, әлемдік кино аңызының қатысуымен Қазақстанда әйгілі “Құдайдың сауыттары”фильмінің жаңа бөлігі түсіріледі.

«Біз Джеки Чанның Алматыға келген резонансты сапарының мән-жайын ресми түрде ашамыз. Бұл культтік франшизаның жаңа фильмі — “Құдайдың сауыттары: Ультиматум” жобасына байланысты», — делінген компания хабарламасында.

Актердің қатысуымен Қазақстанда миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болған әйгілі киноэпопеяның төртінші бөлігі түсірілетіні атап өтілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары