Әйгілі Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды

/
Әйгілі Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
instagram/fabiocannavaroofficial

Италиялық маман Фабио Каннаваро Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Turkystan.kz.

52 жастағы бапкер Өзбекстан елінің құрамасын 2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындайды. БАҚ мәліметінше, Каннавароның жылдық жалақысы шамамен 4 миллион еуроны құрайды. Сондай-ақ оның жаттықтырушылар штабына үш италиялық маман қосылған.

Фабио Каннавароның соңғы жұмыс орны — «Хорватияның «Динамо Загреб» клубы», онда ол 14 матч өткізген. Бұған дейін ол Қытайдың бірнеше клубын және ұлттық құрамасын, сондай-ақ «Әл-Наср», «Беневенто» және «Удинезе» клубтарын жаттықтырған.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасын Сречко Катанец пен Тимур Кападзе басқарған. Дәл осы мамандар командаға тарихи жолдаманы алып берген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары