Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады.
Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы.
Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.