«Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңімпазы атанды

/
«Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңімпазы атанды
ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы финалында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасты.

Бұл кездесу Қызылорда қаласындағы жаңадан ашылған «Қайсар Арена» стадионында өтті. Ойында бас төрешісі міндетін швейцариялық Свен Вольфенсбергер атқарды. 

Кездесу барысында қостанайлық команда сапынан Николай Сигневич 19-минутта есеп ашса, Ислам Чесноков 33-минутта басымдықты арттырды.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Қазақстан кубогының иегері атанды.

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты төбесіне көтерді. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» -3, «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден жеңімпаз атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары