4 қазан бірнеше облыста екпінді жел соғып, тұман түседі

/
4 қазан бірнеше облыста екпінді жел соғып, тұман түседі
© Sputnik / Владислав Воднев

Сенбі күні Қазақстанның бірнеше облысында екпіні күшті жел соғып, тұман түсіп, үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар елдің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде жоғары және төтенше деңгейдегі өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 04 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 04 қазанда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 04 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 04 қазанда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау қ: 04 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 04 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 04 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 04-06 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 04 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары