Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай Аман Тасығанға берген сұхбатында қандай ауыр дертке шалдыққанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Обыр деген жаман ауру бар ғой. Туытарымның көбісі содан қайтыс болды. Мен обыр туралы ешқашан ойланып көрмеппін. Оның жүз түрі бар екен. Соның біреуіне қалай шалдыққанымды білмей қалдым. Бір жылдары операция жасаттым. Сол жерден Б гепатитін жұқтырып шықтым. Бұл бауырды 10-15 жылда циррозға жеткізетін ауру екен. Мен сонымен 20 жылдан астам жүріппін. 2020 жылы ковидпен ауырдым. Одан кейін обыр шықты. Осы аурумен алысып жүргеніме бес жыл болды», – деді ол.