Дағыстанның Унцукуль ауылында мектеп жанында атыс болып, соның салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атысқа жас жігіттер қатысқан, олар травматикалық тапаншаны қолданған.
Жараланғандар әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Олар болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, қылмыскерлердің әрекет ету себептерін зерттеп, оларды заңға сәйкес жауапқа тартпақ.
Ресей ІІМ оқу орны маңында алты ересек азаматтың қатысуымен травматикалық қару қолданылған қақтығыс болғанын растаған. Салдарынан үш адам жарақат алған.