«Күйеуің ашуланса, үндеме»: Төреғали Төреәлінің анасы қыз-келіншектерге кеңес берді

/
«Күйеуің ашуланса, үндеме»: Төреғали Төреәлінің анасы қыз-келіншектерге кеңес берді
Ашық дереккөзден

Атақты әнші Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз Төлепова қызы Фаризаға сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сұхбат барысында өнерлі отбасының анасы Аягөз Төлепова әрбір отбасында болатын келеңсіз оқиғаны айтып берді.

"Бір күн ұрыс болса үйіңізде қырық күн кесірі тиеді. Сол себепті конфликтіден ұрыспаудың амалын жасау керек әйел адам. Біздің отбасымызда мысалғы сенің әкең қатты кетіп жатса, мен үндемей қаламын. Үнемі ондай біз гармонияда өмір сүреміз кереметпіз деп айта алмаймын. Ол әрбір отбасында болатын дүние. Өзіңді жерге ұрғандық емес. Өзіңнің отбасыңның құндылығы ғой. Жас қыз-келіншектерге айтарым, отбасы болғаннан кейін ондай ұрыс-керіс болып тұрады. Қазан-ошақ шылдырламай тұрмайды деп айтып жатады ғой. Ашуланды ма күйеулерің үндемей тұра тұрыңдаршы. 10-15 минут үндемей отырыңдар. Нәтижесін көресіңдер", - деді Төреғали Төреәлінің анасы.,

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары