«Реал», «Барселона» емес: Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын болжады

«Реал», «Барселона» емес: Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын болжады
© EPA-EFE/JEAN-CHRISTOPHE BOTT

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші туры өтті. Тек алты команда ғана, атап айтар болсақ, мюнхендік «Бавария», мадридтік «Реал», «ПСЖ», «Интер», «Арсенал» және «Карабах» командалары жеңіліссіз келе жатыр.

Opta суперкомпьютерінің жаңартылған есебіне сәйкес, Чемпиондар лигасының жеңімпазына үміткер ретінде «Арсенал» (18,1%) клубы аталды. Екінші орында – «Ливерпуль» (14,7%), «ПСЖ» – үшінші орында (14%). Үздік бестікке «Манчестер Сити» (9,7%) мен «Бавария» (9,5%) клубтары кірген. Одан кейін «Барселона» (8,2%), «Реал» (5%), «Интер» (3,7%), «Челси» (3,5%) және «Ньюкасл» (3,1%) командалары жайғасты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары