Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет бұрынғы ата-енесімен қандай қарым-қатынаста екенін мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі балаларына ата-енесі қарайласатынын айтып, мақтады.
«Екі құлыныма Раббысы нәсіп еткен, жүректері кең, ұрпақ қамын ойлай білетін, махаббатын, қамқорлығын аямайтын ардақты ата-әжесі яғни менің бұрынғы ата- енем қарайды.
Менің жұмысымның ақсамауын түсініп әрдайым қолдау, мүмкіндіктер беріп отырған алтын адамдар. Жас кезімде дамысын, аяққа тұрсын деген арғы ниеттерін әрдайым есіме алып отырамын.
Қайын жұрттан өз туғандарыма айналған абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ! Амандықта болайық әрдайым!», - деді әнші.
Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет 2018 жылы некелескен болатын. Алайда олардың отбасылық өмірі ұзаққа созылмай, 2020 жылы ажырасып кетті. Ерлі-зайыптылардың ортақ екі баласы бар (бір ұл және бір қыз).