Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

/
Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

– Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді, – делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары