Танымал тележүргізуші Әйгерім Сейфолла әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тележүргізуші болашақта ұл бала туса атын Шерхан деп қоятынын айтты. Себебі кешегі ойында журналист үшін ерекше әсер қалдырған ойыншы Шерхан Қалмұрзаның бойындағы қабілеттерге тоқталды.
«Ұл тусам Шерхан деген есім беремін. Есімді беріп қана қоймай, рухы мықты, өжет, намысты ұл тәрбиелеймін деп ниеттеніп отырмын. Несі бар армандау тегін ғой, бәлкім Аллам берер. Сосын ерекше ұлымды адаптивті футболға бергім кеп отыр. Бойшаң, шаршауды білмейді, денесі шымыр, берілген тапсырманы түсіндіріп көрсетсең орындайды. Мүмкін болашақта футбол жұлдызы болар. Кешегі Қайрат пен Реалдың тарихи ойынынан соң дөңбекшіп, армандап ұйықтай алмадым.
Шерханның парақшасына тіркеліп, қолдап қоялық. Курс сатқыш, ақыл бергіштердің парақшасына жазылып, уақыт өткізгеннен гөрі ел имиджін қалыптастырып, әлемге танытып жатқан осындай дарындарды қолдайық. Шерхан бренд! Шерхан біздің мақтанышымыз!», - деді Әйгерім Сейфолла.