Аляскада семіз аюлар арасында сайыс өтті

/
Аляскада семіз аюлар арасында сайыс өтті
cурет: explore.org

АҚШ-тың Аляска штатындағы Катмай ұлттық паркінде өткен дәстүрлі «Семіз аю апталығы» байқауында ең семіз қоңыр аю таңдалды. Биыл жеңімпаз болып №32 Chunk есімді аю танылды. Бұл туралы The Guardian жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Chunk сынған жақ сүйегіне қарамастан, молынан ақсерке жеп, салмақ жинай алған. Парк рейнджері Эшли Монаконың айтуынша, қыста аман-есен қысқы ұйқыдан шығу үшін аюдың толық семіріп үлгеруі маңызды рөл атқарады.

Жаңа чемпион соңғы екі жыл қатарынан жеңімпаз атанған №128 Greаzer есімді аюдан озды. Биылғы байқауда барлығы 12 қоңыр аю бақ сынады.

Катмай ұлттық паркінде өтетін бұл сайыс жыл сайын 23–30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Жеңімпазды жұртшылық ашық дауыс беру арқылы таңдайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары