Италиялықтар ең үлкен «Сан Сиро» стадионын бұзғалы жатыр

/
Италиялықтар ең үлкен  «Сан Сиро» стадионын бұзғалы жатыр

81 мың көрерменге арналған аренаны бұзу құқығына Милан қалалық кеңесі қол жеткізген. Бұл шешім кезекті отырыста қабылданып, көпшілік дауыспен мақұлданды. Стадионды бұзу туралы бастаманы 24 депутат қолдаса, 20 депутат қарсы шыққан., деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы La Gazetta Della Sport басылымы жазған. 

«Сан Сироның» орнында жаңа стадион салынады. Жаңа арена 2032 жылғы Еуропа чемпионатының ойындарын қабылдайды. Бұл турнир Италия мен Түркияда қатар өткізіледі.

Италияның «Сан-Сиро» стадионы 1926 жылы ашылған. Мұнда А Сериясының «Милан» және «Интер» клубтары өз алаңындағы матчтарын өткізеді. 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында қысқы Олимпиада өтеді. 6 ақпанға жоспарланған ашылу салтанаты осы стадионда ұйымдастырылмақ. Ойындар 22 ақпанда аяқталады. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары