"Менің ұлым жемқор емес": Нұрлан Еспанов "Қайрат-Реал" ойынына билет сатқан баласына араша түсті

/
"Менің ұлым жемқор емес": Нұрлан Еспанов "Қайрат-Реал" ойынына билет сатқан баласына араша түсті

Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың басы дауға қалды. Бұл жолы оған желі қолданушылары "Қайрат-Реал" ойынының билеттерін қымбатқа саудалады деген сын айтылды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған қатысты Олжас Еспановтың әкесі әлеуметтік желі арқылы пікір білдірді.

"Достар, сіздер қызықсыздар, ә! Менде билет болса қазір "Қайраттың" стадионында айқайлап отырмаймын ба?! Негізі стадионның алдына кеші барып қайтқанмын. Менде билет жоқ. Балам билет сататын болса, оған айтпаймын ба: "Ей, сатпай-ақ қой! Өзіміз-ақ ала салайықшы. Менде де достар бар ғой. Билет бар ғой менің балам да жоқ қой. Жолдас балалары желіге салып берші деп айтқан ғой. Мысалы, іздерге бір сұрақ қояйыншы: Сіз екі билет сатып алдыңыз делік. Белгілі бір себеппен "Қайраттың" ойынына бара алмай қалдыңыз. Сонда билетті не істейсіздер? Не істеу керегін өздеріңіз білесіздер ғой. Үйге алып қоясыздар ма... Біреуге бере саласыздар ма? Қымбат бағаға сатасыздар ма? Өздеріңіз білесіздер ғой. Бұл жерде жемқорлық емес... Бұл - менің ойым. "Реал Мадрид" Алматыға бірінше рет келіп жатыр ғой, міне. Клуб ойыншыларын бәрі де көргісі келеді. "Ойбай" дей бермеңіздерші, иә?! Менің баламды жемқор деп жазыпсыздар ғой. Жемқор болғанда менің балам қай жақтан ұрлап жатыр екен? Ойланыңыздар (күліп). Өздеріңізде екі билет бар, иә. Не істейсіздер? Сіздерге сұрақ", - деді Н. Еспанов

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары