Екі жылда браконьерлерден 17 мың киік мүйізі тәркіленген

/
Екі жылда браконьерлерден 17 мың киік мүйізі тәркіленген
istockphoto.com

Қазақстанда соңғы жылдары киік популяциясы рекордтық көрсеткішке жетті: 2003 жылы 21 мың бастан 2025 жылы шамамен 5 млн басқа дейін өскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы ретте екі жыл ішінде 17 мыңнан астам мүйіз тәркіленген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нұркен Шарбиев мәлімдеді.

Шарбиевтің айтуынша, заңнаманың күшейтілгеніне қарамастан, браконьерлік фактілері әлі де бар.

«Соңғы екі жылда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам мүйіз бен 500-ден астам ақбөкеннің денесі тәркіленді», – деді ол.

Оның сөзінше, сирек жануарларды сақтау мен қорғау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда әлі де ондаған сирек жануарлар жойылып кету қаупінде тұр. Олардың қатарына қызыл қасқыр, жейран және қар барысы кіреді. Бұл жануарлардың саны браконьерлік, жайылымдардың тозуы және табиғи ортаның бұзылуына байланысты азайып келеді.

Бұған дейін елімізде кейбір дала жануарларының саны артып жатқаны туралы хабарланған. Мысалы, мамандардың мәліметінше, арқар саны 20 мың бастан асқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары