Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Асхат Тағыбергенді құттықтады

/
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Асхат Тағыбергенді құттықтады
kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Асхат Тағыбергенді төртінші рет сәбилі болуымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, «Тобылдың» қазіргі ойыншысы үшін бұл сәт – әкелік бақыттың тағы бір шуағы.

Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!»,  – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Асхат Тағыберген –  ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, тәжірибелі жартылай қорғаушы. Ол бірнеше жыл бойы Қазақстан атынан халықаралық алаңда өнер көрсетіп, түрлі турнирлерде командаға жетекшілік еткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары