СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бокстан әлем чемпионы атанған Наталья Богданованы құттықап, оның бапкерін Дастан Кабденовке кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында өңір басшысы Наталья Богдановаға жаңа көліктің кілтін табыстап, ал бапкеріне 3 млн теңге сыйақы табыстады.
«Натальяның таланты, табандылығы мен жанкешті еңбегі, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Дастан Кабденовтың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының нәтижесінде, еліміздің көк байрағы тағы да халықаралық аренада биікке көтерілді. Бұл жеңіс - жас спортшылар үшін үлкен үлгі әрі өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Натальяның отбасы мен жақындарына шын жүректен алғыс айтамын! Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай асулар күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!»,- деді өңір басшысы.