«Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе Орталық стадионда өзінің ерекше жанкүйерімен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев Санжар есімді жас жанкүйерді мадридтік команданың жаттығуына арнайы шақырған. Оның айтуынша, бала көптен бері сүйікті командасын, әсіресе Мбаппені көруді армандап жүрген.
Жаттығу кезінде Санжар тек Мбаппемен ғана емес, бүкіл командамен жүздесті. Футболшылар оны жылы қарсы алып, қолтаңба беріп, суретке түсті.
Мбаппенің өзі де жанкүйерге ерекше көңіл бөліп, қол алысып, суретке түсіп, қолтаңбасын қалдырды. Желіде тараған видеодан «Реалдың» басқа ойыншылары мен бапкерлерінің де Санжарға ықылас танытқаны көрінеді.